Weekend

Әлемдегі ең биік ғимараттар

Назарларыңызға әлемдегі ең биік 5 ғимаратты ұсынамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1.Тайбэй 101 - Тайбэй, Тайвань. Биіктігі 509,2 метр.

Тайбэй 101 ғимараты ресми пайдалануға 2003 жылдың 31 желтоқсанын берілді. Бұл ғимарат - адам жасаған ең тұрақты және табиғи апаттарға төзімді құрылыс. Мұнара желдің екпініне 60 м/с дейін (216 км/сағ) және осы аймақта 2.500 жылда бір рет орын алатын күшті жер сілкіністеріне қарсы тұра алады.

2. Халықаралық сауда орталығы - Нью-Йорк, АҚШ. Биіктігі 541 метр

Халықаралық сауда орталығының құрылысы 2013 жылы толық аяқталды. Оны «Бостандық мұнарасы» деп те атайды. Ғимарат лаңкесстер жойған Дүниежүзілік сауда орталығының орнында тұр. Бұл 104 қабатты мұнара - АҚШ-тағы ең биік ғимарат және әлемдегі биіктігі бойынша төртінші ғимарат. Құрылыс құны 3,9 миллиард долларды құрады.

3. "Корольдік Сағат мұнарасы" қонақ үйі - Мекке, Сауд Арабиясы. Биіктігі 601 метр

Сауд Арабиясында Мекке қаласында салынған Абрадж әл — Бейт ғимараттар кешенінің бір бөлігі -"Корольдік сағат мұнарасы" қонақ үйі. Кешеннің құрылысы 8 жыл бойы жалғасты және 2012 жылы толығымен аяқталды. Құрылыс кезінде екі ірі өрт болды, онда ешкім зардап шеккен жоқ.

"Корольдік Сағат мұнарасы" 20 км қашықтықта көрінеді, ал оның сағаты әлемдегі ең биік сағат болып саналады.

4.Шанхай мұнарасы- Шанхай, Қытай. Биіктігі 632 метр

Бұл ғимарат – Азиядағы ең биік ғимарат және әлемдегі ең биік ғимараттар тізімінде екінші орынға ие. Шанхай мұнарасының құрылысы 2008 жылы басталды және 2015 жылы толығымен аяқталды. Құрылыс құны 4, 2 миллиард доллардан асты.

5. Бурдж-Халифа - Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері. Биіктігі 828 метр

Бурдж – Халифа - Дубайда орналасқан әзірге әлемдегі ең биік ғимарат.Оны 2010 жылы 4 қаңтарда Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашед Әл Мақтұм салтанатты түрде ашты. Салтанатты рәсімді тікелей эфирден 2 миллиардтан астам телекөрермен тамашалады. Бүкіл әлемге «Дубай мұнарасы» ретінде танылып келген нысан ресми ашылғаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне «Бурж Халифа» деп аталатын болды.