Bugin

G7 елдері Ресейді "сауда жеңілдігінен" шығарып тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Үлкен жетілікке" мүше елдері Ресейді "экспортер-мемлекет" мәртебесінен айырды. Мұны АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді.

"Бұл мәртебеден айырылған елге тауарын экспорттау үшін қосымша салықтар салынады. Ал ол Ресейдің экономикасына тағы да қысым жасамақ. АҚШ Ресейден гауһар, қымбат ішімдік мен теңіз өнімдерін (уылдырық) тасымалдауға тыйым салды. Ал Ресей бұл өнімдерді сатудан $1 млрд пайда табатын. Енді одан да қағылады. РФ президенті В.Путин – басқыншы, агрессор басшы. Әскери операция бастағаны үшін жауап беруі тиіс. Басқыншы елді қыспаққа алуды әлі де жалғастырамыз", - деді Байден 11 наурыз күнгі сөзінде.

Айта кетейік, "Үлкен жетілік" елдеріне АҚШ, Франция, Германия, Италия, Жапония, Италия, Ұлыбритания кіреді. Енді бұл елдер Ресейдің экспорт тауарларына қосымша салық енгізу арқылы сауда тасымалына шектеу қоймақ.

Сондай-ақ, АҚШ алдағы уақытта Ресейге киім-кешек, сағат, көлік пен басқа да салтанатты дүниелерді сатуға тыйым салмақ.