Weekend

Орталық Азиядағы ең үлкен театр Қазақстанда орналасқанын білесіз бе?

Әлемдегі бірегей және Орталық Азиядағы ең ірі театрлардың бірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Астана Опера" театры әлемдегі бірегей және Орталық Азиядағы ең ірі театрлардың бірі болып саналады. Оны 33 елдің мамандары үш жыл салды. Оның сахнасында әлемдік опера және балет әртістері өнер көрсетеді. Театр әр маусымда жеті-сегіз жаңа қойылым қояды. 

Опера және балет театрының ғимараты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынды. Ол ұсынылған жобалардан нұсқаны таңдап, нобайларға өз түзетулерін енгізді. Ең алғаш 2013 жылы театр өз есігін ашып, Мұқан Төлебаевтың "Біржан - Сара" операсын көрермендерге ұсынды. Театр ғимаратының өзі ұлттық маңызы бар сәулет ескерткіші деп танылды.

«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға болады.

«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.