Әлем
Ресейде Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы киберқауіпсіздік пен Интернетті бақылайтын Netblocks ұйымы хабарлады.
Қазіргі деректер Instagram Ресейдегі бірнеше провайдер бойынша шектелгенін көрсетеді.
Netblocks Instagram-ға үкімет енгізген Интернет шектеулері әсер етпейтін VPN қызметтері арқылы жанама түрде қолжеткізуге болатынын қосты. Дегенмен қолданушылардың көпшілігі VPN бағдарламасына қолжеткізе алмайды және бұл шара нәтижесінде Ресейде Instagram-ды қолдану айтарлықтай төмендейді деп күтіледі.
Еске салайық, Ресей Meta-ның шектеулерінен кейін Instagram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдаған болатын.
Осыдан кейін Ресей бас прокуратурасы соттан Meta-ны экстремистік ұйым деп тануды сұрады. Роскомнадзор бас прокуратура талабы бойынша Instagram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдады.