Қоғам
Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарады. Мұндай ақпарат сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық фактісінің туындауына алып келген. Осыған байланысты сауда және ауыл шаруашылығы министрлігі халықты дүрбелге ерік бермеуге шақырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылады. АШМ (ауыл шаруашылығы министрлігі – Ред. дерегі бойынша жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.
Жедел деректер бойынша республика бойынша барлығы 1,5 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдерінің жинағы тұр.
Сауда комитеті бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ екенін жеткізді. Олардың мәліметінше, қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды. Қор толтырылып отырады.
Сондай-ақ қазіргі уақытта Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен ӘМАТ бағасын көтеру фактісі бойынша және Маңғыстау, Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты анықтау жұмысы жалғасып жатыр.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлауынша, Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды. Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында – 5 және СҚО – 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалған. ӘМАТ сауда үстемесі 15-тен 10%-ға дейін төмендетілді.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетау қаласындағы ірі сауда орындарында жұрттың жаппай қант сатып алып жатқаны туралы видео тараған еді.
Соңғы бірнеше күнде Қазақстанның көптеген қаласында қант ең көп сұранысқа ие өнімге айналды. Оның бағасы да айтарлықтай шарықтаған.