Bugin

Рим папасы соғыс туралы: «Балалар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру жабайылық»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Рим Папасы Франциск Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналған мыңдаған халық алдында сөз сөйлеп, Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

- «Жаратушымыздың атымен осы қырғынды тоқтатуыңызды сұраймын», - деді Фрэнсис.

Рим Папасы балалар мен бейбіт тұрғындарды өлтіруді жабайылық деп атады. Ресей әскерлері қоршап алған Мариуполь «шейіттер қаласы» болды, сол себепті, бейбіт тұрғындардың соғыс орындарынан кетуі үшін гуманитарлық дәліздер ұйымдастыруға  шақырды.

Фрэнсис Украинадағы оқиғаларды «қарулы агрессия» деп атады. Бұған дейін ол Украинадағы «арнайы әскери операция» туралы айтатын Ресейдің риторикасын қолдаудан бас тартып, оларды соғыс деп атады.

Фрэнсистің 13 наурызда сөйлеген сөзі соғыс қимылдары басталғаннан бері оның аузынан шыққан соғысты ең қатал айыптау болды.