Bugin
Зүлфия Сүлейменова Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Сүлейменова Зүлфия Болатқызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген, қазақ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірген. «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша Жапонияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD доктор дәрежесін алған.
Президенттік жастар кадрлық резервінің финалисті (2019 ж.). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (Бангкок, Таиланд) Қоршаған орта және даму, энергетика, сондай-ақ макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру жөніндегі дивизиондарының консультанты, Қазақстан мен Түрікменстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңселерінде, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.