Bugin

Банкрот, доллар жетпеу, Сатыбалдының ұсталуы: Kaspi басшысы мәлімдеме таратты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Kaspi.kz-тің негізін салушы әрі басшысы Михаил Ломтадзе қазақстан азаматтарына видеоүндеу жолдады. Мәлімдемесінде елде доллардың жетіспеуіне, банк жайлы тараған жалған ақпарат пен Қайрат Сатыбалдының ұсталуы жайлы түсініктеме берген екен.

Михаила Ломтадзенің Youtube-тегі арнасында жарияланған үндеудің қазақшалап мәтінін ұсынамыз.

"Біздің сүйікті клиенттеріміз, соңғы уақытта Kaspi туралы жалған ақпарат таралып кетті. Бұл ақпараттың барлығы жалған әрі өтірік екенін мәлімдегім келеді.

Біріншіден, Kaspi банкроттық ұшырады деген ақпараттың өтірік екенін айтамын. Бұл толық нонсенс.

Мен Kaspi-ді 2007 жылдан бері басқарып келемін, шамамен 15 жыл болды. Бұл банктің жетістігі мен жұмысы менің жеке жауапкершілігімде. Біз ел үшін көп нәрсе жасадық, клиенттер бізді жақсы көреді. Бізді қызғанатын жандар көп, жалған ақпаратты таратып, арандату жасап отырған да – солар.

Біз клиенттерімізді жолда қалдырмаймыз. Сәтсіздікке жол бермейміз! Бізге сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс! Біз еліміз, халқымыз және клиентіміз үшін еңбек етеміз!

Екіншіден, Қазақстандағы қолма-қол доллар тапшылығы жайлы айтар болсақ. Иә, елімізде доллар валютасы жетпей жатыр. Бірақ бұл – уақытша құбылыс. Ресейге салынған санкцияның себебінен доллар біздің елге жөнелтетін жолы біршама қиындады. Машрут өзгерді. Шамалы кешігіп жатқан содан.  

Мысалы, қазір Украина мен Ресей шекарасы арқылы ұшақ ұшпайтынын бәріміз көріп отырмыз. Қолма-қол ақшаны жеткізу соған байланысты.

Ұлттық банк қазір АҚШ-тан тікелей алдырудың жолын ұйымдастыруда және жақын арада қолма-қол ақша әкелуге уәде беріп отыр.

Үшіншіден, кеше Қайрат Сатыбалды тұтқындалады.

Біздің клиенттеріміз тарапынан бұған қатысты сұрау болған жоқ. Бірақ қарыластарымыз бұл фактіні тағы да арандату пиғылымен пайдаланып кетті. Бізді сол арқылы қаралауға тырысып жатыр.

Сондықтан мен алдын-ала түсініктеме бергім келеді. Қайрат Сатыбалды 2015-2018 жылдары ғана Kaspi акционерлері болған. Қазір 4 жыл болды, Kaspi-ге еш қатысы жоқ.

Kaspi-дің жетістігі, бірінші кезекте, біздің команданың еңбегі. Біз мемлекет үшін іске қосатын барлық сервистерді біз өз қаражатымыз есебінен және елдің игілігі үшін тегін жасаймыз.

Бізбен бірге болғаныңыз үшін сүйікті клиенттерімізге тағы да рахмет. Біз сізді жақсы көреміз, құрметтейміз. Табысты болғаныңызды қалаймыз. Қазақстандықтар жақсы өмірге лайық деп санаймыз!"