Bugin

Ресейге азық-түлік экспорттауға тыйым салына ма – министрлік жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейге азық-түлік экспортына тыйым салу шешімі тек күрделі жағдайларда ғана қабылданады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев айтты. Бұл жайлы ҚазАқпарат ХАА жазды.

"Экспортқа тыйым салу – дұрыс механизм емес. Мұндай шешімді тек күрделі жағдайларда ғана қабылдау керек. Егер біз экспортты жабатын болсақ, біздің отандық өндірушіге тауар өткізетін жаңа нарықтарды табу өте қиын болады. Сондықтан біз бұл мәселеге өте мұқият қараймыз. Мұны міндетті түрде бизнеспен алдын ала талқылаймыз, бүкіл есептеулерді жүргіземіз. Егер бізде тиісті қор болса немесе еш запас болмаса және қандай да бір тауарлар бойынша қауіп-қатерді байқасақ, бізде де тапшылық қаупі туындаса, тек осы жағдайда ғана экспортқа тыйым салу туралы шешім қабылданады", - деді Е. Қазанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербайдың айтуынша, 12 наурыздағы жағдай бойынша республикада барлығы 1,3 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бар, оның ішінде ұн – 144 мың тонна, қант – 90 мың тонна, күріш – 39,3 мың тонна, макарон – 21 мың тонна және шамамен 900 мың тонна көкөніс өнімдері және басқалары бар. Тиісінше Қазақстанда азық-түлік тапшылығына еш негіз жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанда шамамен 90 мың тонна қант қоры бар және республика қантпен толық қамтамасыз етілген.