Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРесей бастаған әскери операцияның кесірінен 13 наурыз күнгі мәлімет бойынша Украина 119 млрд доллар шығынға батқан. Шығынның көп бөлігі – қираған инфрақұрылымдар. Оның ішінде көпқабатты үй, аурухана мен мектеп, балабақшалар.
Бұл жайлы Украинаның экономика министрінің орынбасары Денис Кудин айтты, деп жазады Экономическая правда басылымы.
"Шығын күн сайын өсіп барады. Ресей бастаған басқыншылық Украина экономикасын қанша шығынға батырғанын сәуір айында есептеп шығамыз. Әзірше қираған инфрақұрылымның өзі 119 млрд доллар тұратыны анықталды. Жалпы ішкі өнім төмендеп, одан қанша шығын болғанын бір айдан кейін ғана есептеп шығамыз. Әскери тәртіп енгізілгеніне 1 ай уақыт болуы тиіс", - дейді Кудин.
Оның айтуынша, Украинаның экономикасына қанша шығын келгенін екі жолмен есептеуге болады. Бірі – ЖІӨ-нің қаншаға құлдырағанын есептеу арқылы, екіншісі – елдің қанша инфрақұрылымы қирағанына қарап есептеу. Әзірше екеуінікі де нақты емес.
Ресейдің Украинада әскери операция бастауына қанша қаржы кетті? – зерттеу
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61