Bugin

Қытай мен АҚШ бірігіп Ресейге қарсы тұруы мүмкін – Елші

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің Украинамен соғысқаны Қытайға тиімсіз. Сондықтан Қытай үкіметі Вашингтонмен ортақ келісімге келіп, ресейлік диктатор В.Путинге қарсы тұруы мүмкін. Осылай деді тегі орыс, Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі, елші Павел Климкин.

Оның айтуынша, Ресей мен Қытайдың арасында әскери қимыл басталар алдында келісім болған сыңайлы.

"Алайда Путин Қытайды алдап кеткен сынды. Әскери операция тез бітеді, санаулы күнде Украинаны басып аламыз деп ауызынан қағылса керек. Ресей Украинаны тез жаулап алам, ол саған тиімді деп Қытайды сендіріп алды. Бірақ көріп отырғанымыздай, Ресейдің қолынан іс келмеді. Енді Қытай сезіктене бастады. Жағдайдың өзіне тиімсіз екенін түсінді. Сондықтан қытай лидері Си Цзиньпин батыс елдерімен бірігуі мүмкін. Ондай жағдайда Путинді тоқтатары анық", - дейді Климкин.

Павел Климкин

Оның айтуынша, Қытай осы жағдайды пайдаланып, Батыспен қарым-қатынасын жөндеп алуы мүмкін.

"Ертең АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі мен Қытай елшісі Ян Цзечпен кездеседі. Осыдан не шығарын көрейік", - дейді Климкин.

 Айта кетейік, осыған ұқсас ойды АҚШ-тағы танымал адамдардың бірі, кәсіпкер әрі филантроп Дж. Сорос та айтқан еді. Ол "Қытай Ресейге соғыс бастауға басында келіскенімен, кейін ойынан айнып Украина жағына шығып кетті" дейді.