Әлем
Ресей президенті Владимир путин қатерлік ісік дертімен ауыруы ықтимал. Мұндай мәліметті The Daily Mail басылымы Кремльдегі және Five Eyes барлау альянсының ақпаратына сүйене отырып таратқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы oinet.kz сайтына сілтеме жасап.
Дерекөздердің айтуынша, 69 жастағы Путин қатерлі ісік немесе паркинсон дертіне шалдыққан болуы мүмкін. Оның соңғы уақытта мойны мен бетінің ісініп кетуі жоғарыда аталған ауруларға қарсы стероидттарды қабылдаудың әсерінен болған.
Бұл препараттар жалпы адамның ақыл-ойына да кері әсер ететінге ұқсайды. Ресей президентінің соңғы уақытта Украинаға басып кіру туралы бұйрық бергені және шетелдік қонақтарды адамның ақылына сыймайтын жағдайда, дәлірегі ұзын үстелдің екі басында отырып қабылдауы да осы ем-домның неәтижесі көрінеді. Путин қазір адамдарға жақындаудан қорқады. Өйткені өзгелерден жұқтырып алған ауру дертін асқындырып жібереді. Сол себепті Путин үнемі бірдемені жұқтырып аламын ба деген үрейде жүреді.
Мұның шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін кім білсін. Бірақ дәл қазіргі уақытта Батыс елдерінің Путинді өлердей жек көріп отырғаны рас. Тіпті, кейбір сарапшылар Путиннің көз жою керек деген пікірлерін де ашық айта бастады.
«Ең жақсы вариант Путинді тақтан түсіріп, Халықаралық қылмыстық істер сотына беру еді. Бірақ бұл нұсқаның орындалатынына күмәнім бар. Сондықтан оның көзін жоюдан басқа жол жоқ», - депті Ауғанстанда британ әскеріне қолбасшылық жасаған Ричард Кэмп.
Оның айтуынша, егер Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында Гитлерді өлтіріп жібергенде, 70 миллион адамды ажалдан құтқарып қалуға болар еді.