Bugin
Украина Президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович екі ел арасындағы бейбіт келісімге бір-екі апта ішінде, ары кетсе мамыр айында қол жеткізуге болады деді. Бұл туралы Арестович журналист Марк Фейгиннің YouTube каналында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Менің ойымша, мамыр айынан, мамыр айының басынан кешіктірмей біз бейбіт келісімге келуіміз керек, мүмкін одан да тезірек. Уақыт көрсетеді, мен ең ұзақ деген мезгілді қарастырып отырмын. Қазір немесе бір-екі апта ішінде әскерлерді шығарумен және басқа мәселелер бойынша бейбіт келісім болады. Бір-екі апта немесе содан кейін мамыр айының соңына дейін, тағы бір раундтық соғыс әрекеттерінен соң», – деді ол.
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің төртінші раунды дүйсенбіде бейнеконференция режимінде өтті. Олардың нәтижелері бойынша Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк техникалық үзіліс болғанын, келіссөз сейсенбіде жалғасатынын мәлімдеген болатын.