Bugin

Айгүл Орынбек Тоқаевты менсінбей қарайтын шенеуніктер көп екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Заңгер Айгүл Орынбек Елбасының немере інісі Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Дәл қазіргі қоғамда Қ.Тоқаевты мойындағысы келмей, менсінбей қарайтын шенеуніктер әлі де көп!

Әсіресе, әкімдер мен Елбасы туысқандарының ҚҰДАЛАРЫ, жекжаттары да кейбір өңірлерде «жылы креслода» отырып алып, «командасымен» білгенін істеуде!

«Шен таққан құдалардың заңсыз іс-әрекеттері» деген арнайы тізім шығару керек болды ел алдына!

«Президент жәй дипломат қой, қолынан не келеді дейсің?», - деп жүргендер, енді жақсылап тұрып ойланыңдар!

Президент «Жаңа Қазақстанды» жемқор «погонды-шенеуніктермен» бірге құрамын деп айтқан жоқ!

Бастарыңды ала салу - бір-ақ секундта!

Қайрат Сатыбалды жәй ғана бастамасы!» - деп жазды ол Facebook парақшасында.