Әлем
Сәрсенбі күні Ресей еурооблигациялар бойынша 117 миллион доллар төлеуге тиіс. Ресей Қаржы министрлігі егер санкциялар кедергі келтірсе, төлемді рубльмен жасайтынын айтты. Нарық мұны дефолт ретінде қарастыруы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Батыстың санкцияларына байланысты Ресей орталық банкінің валюталық активтеріне қол жеткізе алмайды. Сонымен қатар санкцияға ұшыраған ресейлік қаржы институттарымен, РФ Орталық банкімен доллар және еуродағы операцияларға тыйым салынды. Бұл кез келген төлемді қиындатып отыр.
АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Уолли Адейемо бұған дейін CNBC арнасында Ресейдің қарыздарын төлеу әдісін таңдауы президент Владимир Путиннің Украинадағы соғысты жалғастыру үшін ресурстарын сарп ететінін айтты.
«Бұл таңдау ақырында (Путинді) соғысты жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдауы керек жағдайға әкеледі», - деді ол.