Bugin

АҚШ Қытайдан Украинаға қатысты ұстанымын нақтылауды талап етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Джулианн Смит Қытайдан Украинаға қатысты ұстанымын нақтылауды талап етті. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Менің ойымша, Қытай тарапымен (Римде) қарым-қатынасымыздың мақсаты нақты хабарлама жіберу болды: АҚШ әлемдегі барлық елдердің, соның ішінде ҚХР-ның Украинадағы қақтығысқа қатысты өз ұстанымын қалай анықтайтынын көргісі келеді. Олар әлемдік тәртіп ережелеріне негізделген жағында тұруы керек», - деді АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Джулианна Смит.

Бір күн бұрын Римде Вашингтон мен Бейжің өкілдерінің кездесуі өтті. АҚШ Қытайға өз талабын қойып, Ресейге қарсы шараларға қосылуға тартуда.

Бейжіңнің ресми ұстанымы: біржақты санкциялар мәселені шешпейді және Қытай мен басқа елдердің мүдделеріне нұқсан келтірмеуі керек.