Bugin
Ақын, жазушы әрі қоғам белсендісі, украин азаматы Сергей Жаданды Поляк ғылым академиясы кандидат ретінде «нобель» сыйлығына ұсынды. Бұл туралы dw.com сайтына bugin.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Украиналық ақын, жазушы әрі қоғам белсендісі Сергей Жаданды әдебиет саласы бойынша берілетін «Нобель» сыйлығына ұсынды. Бұл туралы 14 наурызда белгілі болды.
«Сергей Жадан – Украинадағы ұлы әрі бірегей ақындардың бірі әрі керемет прозаик. Әлемдік деңгейде түрлі марапат алған әрі шығармалары бірнеше тілге аударылған. Ол солай болуы керек, біздің көзқарасымызда Нобель сыйлығына әбден лайық. Оның ақын ретіндегі үні украиналықтар үшін жылдар бойы өз өзектілігін жойған жоқ. Азат Украина Жаданның сөздеріне терең үңіліп, ойланып, құлақ тұрып тыңдайды», - делінген Поляк ғылым академиясының әдебиет бөлімінің мәлімдемесінде.