Bugin

Берлин сән апталығы: Украинамен ынтымақтастық сәті және үнсіздік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Берлинде Mercedes-Benz Fachion Week сән апталығы өтуде. Оның аясында Украина халқына қаражат пен гуманитарлық көмек жинау мақсатында бірнеше қайырымдылық шаралары өткізіледі. Бұл туралы Bugin.kz порталы dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Берлин сән апталығы Украина халқымен ынтымақтаса отырып, елдің қаза болған бейбіт тұрғындарын еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікпен басталды. Финдік дизайнер София Ильмонен өзінің жаңа топтамасын жұртшылыққа бірінші болып көрсетті.  

- «Біз бұл тақырыпты қалай көрсетуге болатынын ұзақ ойладық және талқыладық. Соғыс салдарынан бәрі есеңгіреп отрғанда сән апталығын өткізе аламыз ба? - деген ой болды. Сосын жауабы табылды. Иә, біз оны өткізе аламыз. Әсіресе қазір!» - деп атап өтті ашылу салтанатында Берлин мэрі Франциска Гиффи (Франциска Гиффи). 

Оның айтуынша, Берлин сән апталығының көмегімен қала шығармашылық шабыт пен еркіндіктің үлгісін, ынтымақтастығын және Украинаға көмектесуге дайын екенін көрсетеді. Сән апталығында қайырымдылық аукционы жоспарланған: барлық қаражат Украинаға аударылады. Сондай-ақ, бағдарлама ішінде қаражат жинау және гуманитарлық іс-шаралары бар. 

Украинадан дизайнерлер келе алмады, бірақ олардың да шоуы өтті.  

Украиндық кутюрье Жан Грицфельдт өзінің экстравагант жұмыстарымен танымал. Дизайнер күтпеген идеяларды өмірге әкелуден қорықпайды.  

- «Жан Гритсфельдт Берлин сән апталығына өзінің жаңа топтамасын әкелуді жоспарлады, бірақ соғыс кедергі болды. Алайда сәнгердің 30 әріптесі бас қосып, оның туындысын жаңғыртып, көпшілікке паш етті. Кутюрьенің өзі оларға телефон арқылы кеңес берді, - деді журналистерге Fashion Revolution Germany қауымдастығының басқарушы директоры Карина Бишоф. 

Сәрсенбі күні кешке Берлин сән апталығы аясында Жан Гритсфельдттің бейне хабарламасы көрсетіледі, деп хабарлады Mercedes-Benz Fachion Week сән апталығын ұйымдастырушылар. 

- «Сән де, басқа нәрселермен қатар, саяси», - деп баса айтты Берлин мэрі. 

Франциска Гиффайдің айтуынша, сән апталығы – бірліктің белгісі.