Bugin

Байден Украинаға 13,6 миллиард доллар көмек көрсететін бюджетке қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 13,6 миллиард доллар көлемінде көмек көрсететін бюджетке қол қойды. Бұл туралы Bugin.kz порталы ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ президенті Джо Байден Конгрестің екі палатасы мақұлдаған ел үкіметін ағымдағы қаржы жылына (2021 жылдың қазан айынан басталды) $1,5 трлн көлемінде қаржыландыру туралы бастамаға қол қойды. Бұл пакет, басқалармен қатар, Украинаға гуманитарлық, әскери және экономикалық көмекке 13,6 миллиард доллар бөлуді қамтиды.

- «Бұл заң жобасында Ресейдің Украинаға басып кіруіне және оның көрші елдерге тигізетін зардаптарына жауап беру үшін 13,6 миллиард долларлық қаржыландыру қарастырылған. Мен Конгресс басшылығына бізде қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз ету үшін тез жұмыс істегеніне алғыс айтқым келеді. Біз  дағдарысқа [Украинадағы] батыл жауап беруді жалғастырамыз», - деді Байден Ақ үйде қол қою рәсімінде.