Bugin

Зеленский: «Ресейдің келіссөздердегі ұстанымдары шынайылыққа ұласа бастады»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина делегациясы мен Ресей Федерациясы өкілдерінің келіссөздерінде нақты позициялар тыңдалады, бірақ олардың Украина пайдасына шешілуі үшін көбірек уақыт қажет. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский украиндықтарға арнаған жаңа үндеуінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

- «Донбасстағы сегіз жылдық соғыс, 20 күндік ауқымды басып алу. Үшінші апта аяқталып келеді. Біз бәріміз бейбітшілікті, жеңісті қалаймыз. Сәл шыдасақ біз өзімізге, Украинаға тиесіліні аламыз», - деді Зеленский.

Бұл ретте мемлекет басшысы әлі де күш-жігер қажет екенін айтты.

- «Бізге шыдамдылық керек. Бізге әлі де күресу қажет. Ресей Федерациясымен келіссөз жүргізіп жатқан біздің делегация да өз қызметін жақсы атқаруы тиіс. Бұл маңызды. Қиын, бірақ маңызды. Өйткені кез келген соғыс келісіммен аяқталады. Кездесулер жалғасуда. Маған хабарлауынша, келіссөздердегі ұстанымдары шынайырақ көрінеді. Алайда шешімдер Украинаның мүддесіне сай болуы үшін әлі де уақыт қажет», - деді Зеленский.