Bugin

Путинді қолдайтын «3 қалталы» олигарх қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Путинде бар болғаны 3 «қалталы» олигарх қалды. Бұл туралы Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Украина 24 басылымына сілтеме жасап.

- «Ресейге қарсы салынған қатаң санкциялар елдің үкіметтік элитасын және олигархтарын қатты таң қалдырды. Путин өзінің жақын ортасының қолдауын жоғалтуда. Енді санкцияға ұшыраған бірқатар олигархтар Ресейдегі билікті күшпен ауыстырғысы келеді» - дейді Дезинформацияға қарсы күрес орталығы.

Дезинформацияға қарсы күрес орталығының айтуынша, Путинмен жеке тіл табыса алатын 3 олигарх, яғни Юрий Ковальчук, Геннадий Тимченко және Сергей Чемезов қана Ресей Президентінің жақтастары болып қала береді. 

- «Ал, Ельцин дәуірінен бері келе жатқан олигархтар командасы Путинмен жеке қарым-қатынастан бас тартады. Өйткені, Роман Абрамович, Владимир Потанин, Олег Дерипаска, Михаил Прохоров, Александр Абрамов, Андрей Мельниченко Батыс санкцияларының кесірінен дүние-мүлкі мен байлығынан айырылып қалды және жоғалтып жатыр» – делінген хабарламада.

Ресейлік бизнес олардың қаржылық жағдайына осындай ауыр зардаптар әкелген адамның саясатына төзе алмайды. Сондықтан олигархтар өз ұстанымдарын өзгерту үшін шешуші әрекеттерге дайын. Егер Путин олардың шарттарына келіспесе, ол мәжбүрлі импичментке ұшырайды немесе жақын адамдары физикалық түрде жойылады.