Зеленский бүгін АҚШ Конгресіне қатысады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский бүгін АҚШ конгрессмендерімен сөйлесетінін растады. Бұған дейін Конгресс өкілдері бұл туралы мәлімдеген болатын. Олар сөз сөйлеу бейнебайланыс форматында жоспарланғанын айтқан еді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kommersant.ru сайтына сілтеме жасап.

- «Менің Америка Құрама Штаттарының Конгресіндегі сөйлейтін сөзім сәрсенбіге жоспарланған. Бұл өте маңызды оқиға», - деді ол өзінің Telegram-каналында жарияланған видео хабарламасында.