Bugin
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Илон Маскке Ресей президенті Владимир Путинмен бәсекелеспеуге кеңес берді. Сонымен қатар америкалық миллиардерді Шешенстанда оқудан өтуге шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ria.ru сайтына сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні Маск Путинді жекпе-жекке шақырып және Украинаны бәске тігетінін айтқан еді. Ал, оның бұл мәлімдемесіне Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров жауап берді.
- «Илон Маск, мен саған Путинмен бәсекеге түсуге кеңес бермес едім. Салмақ категориялары тым бөлек. Және бұл тіпті жекпе-жек немесе, мысалы, дзюдо туралы да емес. Оны қалай елестетесің? Рингтің қызыл бұрышында тұрсың. Путин көгілдір киімде - әлемдік саясаткер, стратег, Батыс пен АҚШ-тың найзағайы. Владимир Владимирович әлсіз қарсыласын жеңеді», - деп жазды Қадыров Telegram-да.
Ол Илон Масктың «жұмсақ Илонадан қатыгез Илонға айналуы» үшін Шешенстандағы бірнеше орталықтарда оқуды ұсынды.