Bugin

Илон Маск Қадыровтың жазбасына жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

SpaceX басшысы Илон Маск Ресей президенті Владимир Путинді Украина үшін жеке жекпе-жекке шақырғаннан кейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресей президентін қорғап, Telegram арнасында жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

Қадыров Telegram желісіндегі жазбасында Маскты Илона әйел атымен атады және Путинмен кездесуге дайындалу үшін Шешенстанда арнайы жаттығулардан өтуді ұсынды.

Жауап ретінде Маск бұл оған артықшылық беретінін айтты және тек бір қолды пайдаланатынын тілге тиек етті.

- «Ұсыныс үшін рахмет, бірақ мұндай керемет жаттығу маған үлкен артықшылық береді. Егер ол (Путин) төбелесуден қорқатын болса, мен тек сол қолымды қолдануға дайынмын, тіпті мек солақай емеспін» - деді ол Twitter-де.