Bugin

Тоқаев: Қаңтар оқиғасын президентті орыннан кетіргісі келгендер ұйымдастырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 16 наурыз күні, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жолдады. Мемлекет басшысы жолдауын қаңтар оқиғасын баяндаудан бастады.

"Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық. Тұңғыш президенттің арқасында еліміз біршама жетістікке жетті, содан біз бір-ақ күнде айырылып қала жаздадық", - деп бастады мемлекет басшысы.

Сөз барысында президент мемлекеттік төңкерісті "белгілі адамдардың", "белгілі әлдебіреулердің" ұйымдастырғанын анық айтты.

"Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді. Төңкерісті президентті орынынан кетіргісі келгендер, "әлдекімдер" ұйымдастырды", - деді Тоқаев.

"Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді", - деп толықтырды президент.

"Мен халқыммен бірге соңына дейін қалдым", - деді Тоқаев.