Bugin

Тоқаев: «Төңкеріс жасағандардың ішінде лауазымды тұлғалар болды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Жолдауын жариялауда. Тоқаев Жолдау барысында ықпалды адамдар және олардың төңкеріс жасау әрекеті туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Бізде алдын ала нәтижелер бар. Шабуыл жасаушылардың төңкеріс жасамақ болғанын анық білеміз. Соңғы жылдары біз Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға көштік. Кейбір күшті адамдарға бұл ұнамады. Олар алдағы уақытта заңсыз әрекеттерін жалғастырғысы келген. Сондықтан тәжірибелі қылмыскерлер, қарулы бандалар, шенеуніктер топ жинады. Халықтың наразылығын бір жаққа бағыттап, әдейі айдап салды. Төңкеріс жасамақ болғандардың арасында билікті басып алуға ұмтылған жоғары лауазымды тұлғалар, жалған ақпарат берген әскери қызметкерлер болды, нәтижесінде ҰҚШҰ-ға жүгінуге мәжбүр болдық» - деді Тоқаев.