Bugin

Қазақстанда Конституциялық сот құрылады – Тоқаев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бүгінгі, 16 наурыз күнгі жолдауында адам құқығы мен азаматтардың еркіндігін қорғайтын арнайы институционалды құрылым – Конституциялық сотты құруды тапсырды.

"Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасына байланысты елде құқық қорғау органдары тарапынан зорлық-зомбылық пен адам құқығын таптау фактілер көбейген еді. 90-жылдары жұмыс істеген Конституциялық сот қайта құрылса, азаматтар енді құқық қорғау органдарына берген шағымымен жүгіне алады.