Bugin
Huawei қоғамның назарын Дүниежүзілік ұйқы күнінің маңыздылығына аударады. Халықаралық мереке 2008 жылдан бері Дүниежүзілік ұйқы күні комитетінің (World Sleep Day Committee) бастамасымен көктемгі күн мен түннің теңелуі қарсаңындағы жұма күні аталып өтіледі. Биылғы ұйқы күні 2022 жылдың 18 наурызына сәйкес келеді. Huawei бренді пайдаланушыларды WATCH GT 3 смарт сағаты секілді заманауи технологиялық гаджеттердің көмегімен дұрыс және салауатты ұйқы мәселелеріне және қанағаттанарлық өмір сүру үшін дұрыс тынығудың ең маңызды түрін талдау әдістеріне назар аударуға шақырады.
PubMed Central мәліметтері бойынша, сегіз сағаттық ұйқы толық ояу болумен салыстырғанда 35% энергияны үнемдейді. Ұйқы сапасы денсаулыққа тікелей әсер етеді. Адам ұйықтап жатқанда, ол калорияға деген қажеттілікті азайту үшін денеде энергияны сақтайды. Бұл жағдайда, мысалы, диетаны және жалпы тамақтану әдеттерін бақылау оңайырақ. Мидың пластикасы теориясы ұйқының денеге нейрондар мен жүйке жасушаларын қайта ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтады. Міне, сондықтан психикалық денсаулық жақсы ұйқымен жақсарады.
Ұйқының сапасын бағалауға арналған фитнес-трекер немесе смарт сағат секілді тиімді құрылғылар болуы мүмкін. WATCH GT3 сияқты заманауи сағаттар ықтимал ақаулықтың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.
Huawei GT3 гаджеті талғампаз және берік дизайны, үлкен AMOLED дисплейі, батареяның ұзақ қызмет ету мерзімі, HUAWEI TruSeenTM 5.0+ технологиясы арқылы денсаулық пен фитнесті дәл бақылау, тамаша өнімділік және т.б. үшін әлемнің жетекші медиасынан 2021 жылдың соңында 3 марапатқа ие болды. Динамикалық және интеллектуалды сағат 46 және 42 мм өлшемдерде қол жетімді.
Басқа опциялардан бөлек, Huawei WATCH GT3 денсаулық пен ұйқыны бақылау саласындағы нағыз серпіліс болған құрылғы. Бақылау ұйқының терең, үстірт, тез ұйқы фазаларының бөлінуін көруге мүмкіндік береді. Құрылғы ұйқы көрсеткіштерін бақылайды, демалыстың барынша тиімді болуы үшін және ұйқының тереңірек немесе ұзағырақ болуы үшін пайдалы ұсыныстар береді. Сондай-ақ тыныс алу сапасын бақылау пайдалы болады. Бұл деректердің барлығы Health мобильді қосымшасының ыңғайлы интерфейсінде біріктірілген.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фань Цзиньюн:
«Қоршаған ортаның тез өзгеруіне және өмір сүрудің жылдам қарқынына байланысты заманауи кезеңде адамның ұйқысының сапасы мен ұзақтығы бұзылуы мүмкін. World Sleep Day ұйқының маңыздылығын және оны жақсарту үшін қандай құралдар бар екенін көрсетуге бағытталған, бұл физикалық және психикалық денсаулықты жақсартуға себепкер болады. Осыған байланысты Huawei WATCH GT3 смарт сағаты денсаулық пен әл-ауқатты жақсартуға, сондай-ақ ұйқыны бақылау мен талдауға арналған жеке жоспар опциясымен күнделікті және ұйқы тәртібін құру және сақтау үшін салауатты әдеттерді дамытуға көмектеседі. Қазақстан халқына денсаулық пен жақсы демалуын тілейміз!»
Айта кетейік, HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді, ғаламшардың үштен бір халқы пайдаланады. Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты мемлекеттерде 14 ғылыми-зерттеу орталығын ашты. HUAWEI Consumer BG — смартфондарды, ноутбуктар мен планшеттерді, тасымалдайтын электрониканы, мобильді кеңжолақты кіру құрылғыларын, үйге арналған шешімдерді, сондай-ақ бұлттағы қызметтерді әзірлеумен және өндірумен айналысатын HUAWEI компаниясының үш бизнес бөлімшелерінің бірі болып табылады. HUAWEI ғаламдық желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялық қызметтерінің көлемі және дамыған серіктестік желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған.