Bugin
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы 1 наурыздағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 246 мыңнан асты.
«2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) - 105 538 теңге», - делінген хабарламада.
1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 470,1 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген.
«2022 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге - 71,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге - 163,8 миллиард теңге бөлінді», - делінген хабарламада.