Bugin

Талдықорғанда мұғалімді балағаттаған оқушының анасына айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талдықорғанда мұғалімін балағаттаған оқушыға қатысты сот отырысы өтті. Оның анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы PATRIOT telegram-каналына сілтеме жасап.

11 наурызда биология сабағы кезінде мектеп оқушысы мұғалімге балағат сөздер айтып, дауыс көтере сөйлеген болатын. Осыдан соң мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазды.

Құқық бұзушының орнына оқушының анасы жауап беруге келген. Заң ата-ананың біреуіне балаға жауапты тұлға ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Баланың анасына ҚР ӘҚБтК-нің 3-бөлігінің 127-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша 42 мың теңге айыппұл салынды.

Әйел мұғалімнен кешірім сұрады.

«Ана ретінде сізді түсінемін, кешіремін, бірақ ұстаз ретінде мен қатты қорландым. Ұстаз мәртебесі аяққа тапталды», –  деді мұғалім.