Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comХалық азық-түлік пен тұрмыстық заттар алып, қамдануы керек пе екенін экономист Мақсат Халық журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол халық қолданатын тұрмыстық, химиялық заттардың басым көпшілігі осы уақытқа дейін Ресей арқылы Қазақстанға жеткізілгенін, енді бұл тауарлардың бағасы қымбаттайтынын айтты.
Алдағы уақытта қарапайым халық тұтынатын мұндай тауарларды шетелдік компаниялармен келісу арқылы, тікелей алдыру керектігін де айтып өтті. Айта кету керек, жаңа транзиттік жолдарды іздеп тапқанға бірнеше ай уақыт керек болады.
«Сол себепті қолданыстағы заттарды алдын ала алып қойған да дұрыс», – деді ол.
Сонымен қатар Мақсат Халық елдегі нан бағасының қымбаттауына ешқандай негіз жоқ екенін де жеткізді.
«Нанның қымбаттауының қандай экономикалық негізі бар? Өзімізді өзіміз ұнмен 95 пайызға қамтамасыз етеміз. Ресей одақтас мемлекет бола тұра, тамыздың соңына дейін бізге бидай сатпайтынын айтты.
Бірақ біз азық-түлік тапшылығына ұрынбауымыз керек. Өйткені ішкі нарықты өзіміз қамтамасыз ете аламыз. Украина мен Ресейге жалпы әлемдегі бидай қорының 30 пайызы тиесілі. Енді қазір олардың бидай егетін мүмкіндігі жоқ. Сондықтан әлемдік нарыққа әсер ететіні анық. Бірақ Қазақстанда доллар қымбаттады екен деп бүкіл заттың бағасын өсіре беруге болмайды», – деді экономист.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61