Bugin

Азық-түлік бағасы жақын арада рекорд орнатуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақсыз халықаралық жағдайда азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі мәселесінің алға шыққанын мәлімдеді. Баға жақын арада рекорд орнатуы мүмкін. Бұл туралыт мемлекет басшысы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Жақын арада рекорд орнатуы мүмкін. Енді бірінші орынға сапалы түрде егін егу мәселесі шығады. Алайда көптеген фермер, білуімше, егін егуге дайын емес. Үкімет пен әкімдіктер мұны бақылауға алуы тиіс.

Жауын-шашынның төмен деңгейі бірқатар өңірлердің  егініне жағымсыз әсер етіп, жем-шөптің азаюйына әсер етуі мүмкін. Фермерлік қоғамдастықпен бірге агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік қолдауды қарастыру керек. Тауарлардың дефициті мен азық-түліктің қымбаттауын болдырмау үшін ауылшаруашылық тауарларын мемлекеттік тұрақтандыру қорларына форвардтық бағада сатып алу мәселесін қарастыру қажет», – деді Президент.