Әлем
Арнайы мамандар қосымшаны бұрын елде бұғатталған Instagram-ның ресейлік аналогы деп атады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Әлеуметтік желі Android және iOS үшін танымал қосымшаның функциясын қайталайды.
«Россграмда пайдаланушылар үшін қосымша монетизация құралдары болады. Олар: контентті ақы төлеп көру, қаражат жинау функциясы (краудфандинг) және т.б. Дәл қазір сізде дәл осы артықшылықтарға ие болу мүмкіндігі бар. Бастапқыда қосымшаға блогерлер мен инвесторлар қосыла алады», - делінген Россграм веб-сайтында.
Жобаның құрылтайшысы және PR-директоры - ВКонтакте әлеуметтік желісін және осы аттас компанияны, сондай-ақ кросс-платформалық Telegram мессенджерін жасаушылардың бірі Павел Дуровтың сыныптасы Александр Зобов.
Қарапайым пайдаланушылар осы әлеуметтік желіні 2022 жылдың сәуірінде пайдалана алады.