Bugin
Қазнет қолданушылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысындағы Қапшағай қаласының атын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне өзгерту туралы бастамасын қолдап петиция құрды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Еgov.press платформасында жарияланған онлайн құжатқа қазірдің өзінде 983 адам қол қойған.
«Біз, петицияға қол қойған Қазақстан азаматтары, Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне өзгертуді қолдаймыз! Максималды репост!» – деп жазылған порталда.
Дегенмен Тоқаевтың қала атауын өзгерту туралы жоспарын қолдамайтындар да табылды. Олар мұның қомақты қаржы қажет ететінін түсіндіріп жатыр.