Bugin

Танымал блогер Петропавл мен Павлодар атауының ауыспау себебін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Блогер Дәулет Мұқаев Петропавл мен Павлодар қалаларының атауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Ол үшін осы аймақтарда қазақтардың саны кем дегенде 70% болуы керек деп есептеймін. Статистиканы қарасақ, Петропавлда 27% ғана қазақтар тұрады, Павлодарда 48% ғана. Жер дауы болып жатқан Донбасс пен Луганскте орыстар 50%-ға жетпесе де, өздері бөлініп шыға келді. Біз үшін ойланатын нәрсе. Бірақ уақыт өте келе бұл аймақтардың атауы өзгереді деген сенімдемін. Себебі бүгінгі Жолдау соның бастамасы болғандай. Бірнеше облысқа тарихи атаулары берілуде» деп жазды блогер.

Сонымен қатар ол 13 наурызда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өткізген форумға қатысқанын жазды.

«Тілге қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Айтарымызды айттық. Тіл жанашыры ретінде бұл қоғамның мүшелік билетін алдым. Алдымен өзімізден бастауымыз керек. Қазақ тіліне деген сұранысты өзіміз арттыруымыз керек. 10 қазақ отырып, арамызда 1 орыс жүрсе, орыс тілінде сайрап кететіндер жетерлік», – деді өзекті мәселе төңірегінде ой қозғаған Дәулет Мұқаев.