Bugin

Алматы облысын бөлудегі мақсат не?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі жолдауында елде үш облыстың – Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылатынын айтқан еді. Абай мен Ұлытау облыстарының неге құрылатыны түсінікті. Мемлекет басшысы мұны тарихи атамекенді қалпына келтірумен түсіндірді.

Ал Алматы облысын екіге бөлудің, бір бөлігін Жетісу облысы етудің мақсаты неде? Мұның себебі неде екенін премьер-министрдің орынбасары әрі ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, ірі облыстарды екіге жару арқылы аймақтардың экономикалық жағдайын жақсартуға әрі мемлекеттік органдардың жұмысын реттеуге мүмкіндік болады.

"Мәселен, Алматы облысын екіге бөлудің себебі мынада: облыс территориясы шашырап жатыр. Мемлекеттік органдар арасындағы байланыс әлсіз. Халық көмек көрсету мен шешім алу үшін Алматы облысының ішкері өңірлеріне баруға мәжбүр. Бұл мемлекеттік органдардың тиімділігі нашарлатады. Бизнес мен билік арасында қарым-қатынас бұзылады. Содан экономикалық тиімділік те төмендейді", - деп түсіндірді.

Үкімет басшысының орынбасарының айтуынша, жаңа администрациялық аймақтарды құруға жаңа шенеуніктер мен қосымша шығындар тартылмайды. Бұрын бөлінген ресурстар негізінде жасақталады.

Ал Алматы облысы әкімі Қанат Бозымбаев аймақтың екіге бөлінетінін бүгін ғана естігенін, бұрында еш хабары болмағанын айтады.

"Өзгеріс қашан да жақсы ғой. Қатып қалған ештеңе жоқ", - деді Бозымбаев.