Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі жолдауында елде үш облыстың – Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылатынын айтты. Бұған қатысты саясаттанушы Расул Жұмалы пікір білдірді.
"Президент туыстарының мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда жұмыс істеуіне тыйым салынады. Барша Алаш баласын ерекше қуантқан жаңалық - кезінде қысқарып қалған Жезқазған, Семей өңірлеріне облыс мәртебесін беріп, оларды жаңғырту, сондай-ақ Алматы облысын әкімшілік басқару жүйесін жетілдіру үшін екіге бөлу. Оларға берілетін атаулардан қазақы иіс аңқып тұр - тиісінше Ұлытау, Абай, Жетісу. Әрине, Президент бүгін жасаған ұсыныстар мен міндеттер әлдеқайда кең ауқымда түсінуді талап етеді. Алайда қазірдің өзінде әділетті қоғам мен ел игілігін басымдық ретінде алған Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы іске асып жатқаны күмән тудырмас", - деді Расул Жұмалы.