Bugin
АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға әскери көмек ретінде камикадзе-дрондарді жіберуді талқылап жатыр. Бұл жайлы NBC News жазды.
Бұл дрондар жау әскерінің танкісі мен артиллериясын 10 шақырым жерден атып түсіруге арналған. Аталмыш дронның аты – Switchblade.
Switchblade – роботталған саналы бомба. Жан-жағына камера орнатылған, ақылды жүйемен және жарылғыш затпен қамдалған. Негізінен ең мықты екі түрі бар: Switchblade 300 пен Switchblade 600.
Басылымның жазуынша, бұл камикадзе-дрондар Ауғанстан мен Ирак, Сириядағы соғыстарда қолданылған. Бір данасы $6000 тұрады.
Switchblade 300 – жеңіл моделі. 10 шақырымнан нысанды іздеп тауып, өзі барып тиеді. 160 шақырым жылдамдықпен ұшады.
Switchblade 600 болса, аспанда 40 минут бойы ұшып жүріп, жау танкісін тауып көзін жояды.
Бұлар Bayraktar-ға қарағанда жылдам.
Жаудың танкісі мен артиллериясын өзі барып тауып, өз-өзін жарып жіберетіндіктен, камикадзе делінеді. Оны бір рет қана қолданады.