Bugin
Қазақстанда «несиені жою мен зейнет жасын төмендету туралы жаңа реформа енгізілді» деген жалған хабарлама таралып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламада әр балаға 60 мың теңгеден жәрдемақы төленеді, әйелдер мен ерлердің зейнеткерлік жасы, 55 және 60 жасқа дейін төмендетіледі, халықтың тұтынушылық несиесі түгел жойылады, ал көпбалалы отбасыларға елдің кез келген қаласынан тегін баспана беріледі делінген. Бұл - жалған.
(Фото stopfake.kz сайтынан алынды)
«Елімізде мұндай реформа жүргізілген жоқ.
Аталған идеялардың авторы - қазақстандық журналист Ербол Мәндібек. Ол бұл туралы биыл 13 наурызда Facebook-тегі парақшасында жазып, мұның дайындалып жатқан реформа немесе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері емес, өз ойы екенін айтқан. Алайда тарап жатқан хабарламада бұл нақтылаулар жоқ», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы кеше, 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдау жасаған болатын. Онда мұндай реформалар туралы айтылған жоқ.