Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстанда 25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды. Бұл ақпарат туралы Көліктегі полиция басқармасының бастығы Оңал Бекиев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, 9-18 наурыз аралығында «Іздеу» және «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізілген. Жеті күн ішінде іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталған. оның ішінде 10-ы ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздеуінде болып шықты.
«10 наурызда Сәтбаев қаласында департаменттің Криминалдық полиция басқармасы мен «Қарағанды-Сортировочная» станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 56 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген және 25 жыл бойы тергеуден жасырынып келген», - деді Бекиев.
Ұсталған азамат Челябі облысы бойынша Ресей Ішкі істер министрлігінің іздеуінде жүргені анықталды. 1997 жылдан бері ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен («Адам өлтіру») мемлекетаралық іздеуде болған. Оған қатысты экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61