Әлем

БҰҰ соты Ресейден Украинамен соғысты тоқтатуды талап етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гаагадағы халықаралық сот Ресей Украина аумағындағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуы керек деп шешті. Мәскеу мен Киевтен қақтығысты ушықтыратын қадамдардан бас тартуды талап етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы golosameriki.com сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ соты Украинаның Ресейге қарсы арызын 7 наурызда қарап бастады. Киев Мәскеуді геноцид туралы халықаралық конвенцияны дұрыс түсіндірмеді деп айыптады. Талапкердің ұстанымына сәйкес, конвенцияны теріс пайдалануды Ресей билігі Украина аумағына басып кіру үшін пайдаланған.

Ресей президенті Владимир Путин 2014 жылдан бастап Украинамен соғыс басталғанға дейін Донбасстағы оқиғаларға қатысты «геноцид» терминін бірнеше рет қолданған. Осы ретте Киев соттан талап бойынша уақытша шара қолдануды және Ресейден әскери басқыншылықты тоқтатуды талап етуді сұрайды.

Сонымен қатар сот Украинаның өз аумағында геноцид жасап жатқанына ешқандай дәлел таппады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61