Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРФ президенті Владимир Путин Ресейде жәрдемақы, зейнетақы және ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұдан бөлек Украинадағы арнайы операцияның барысы, Ресейге қарсы санкциялар пакеті, сондай-ақ экономикалық қиындықтар туралы да айтып өтті.
Путин Ресей экономикасының құрылымдық өзгерістерді қажет ететінін атап өтті. Олар жұмыссыздық пен инфляцияның өсуіне әкелуі мүмкін, бірақ биліктің міндеті - бұл зардаптарды барынша азайту. Осы орайда Президент алдағы уақытта әлеуметтік төлемдерді, зейнетақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру туралы шешім қабылданатынын айтты.
«Бағаның өсуі халыққа тікелей әсер ететінін түсінемін. Сондықтан жақын арада барлық әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде жәрдемақылар мен зейнетақыларды ұлғайту, ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру, сондай-ақ бюджеттік саладағы жалақыны көтеру туралы шешім қабылдаймыз», - деді Путин РИА Новостиге.
Сондай-ақ Ресей Президенті жеке бизнес экономикадағы проблемаларды еңсеруде шешуші рөл атқаратынын қоса кетті. Бұл мәселенің ресейлік бизнеске үлкен сабақ болғанын да жасырмады.
«Бұл жағдай еліне инвестиция салудан сенімді ештеңе жоқ екенін көрсетті. Мен бұл туралы бірнеше рет айттым», - деді Путин.
Путин сондай-ақ Украинадағы «арнайы операцияның» соңына дейін жүргізілетініне сендірді.
«Егер ресейлік әскерлер Донбасста ғана әрекет етсе, бұл қауіп сейілмес еді, жаңа майдан шебі сол жерде болар еді», - деді ол.
Ал Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Конгресінде Украина аумағындағы жағдай туралы бейнебайланыс арқылы ұсыныс жасады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61