Әлем

«Соғыс бір күнде аяқталса»: Зеленский АҚШ-қа ұсынысы туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде АҚШ-қа 24 сағат ішінде барлық қажетті көмекті көрсететін бейбітшілік үшін біріккен (U-24) жаңа альянс құруды ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Зеленский Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі 24 ақпанда басталғанын атап өтті.

«Шешім тез шығарылып, соғыс бір күнде аяқталса, әділ болар еді. Нақты 24 сағаттан кейін. Жамандық дереу жазалансын. Бүгінде әлемде мұндай құралдар жоқ. Біз халықты, болашақты соғыстан қорғайтын институттар құруымыз қажет. Ал біз U-24 қауымдастығын құруды ұсынамыз. United for peace. Бұл - қақтығыстарды тоқтатуға күші жететін жауапты мемлекеттердің одағы болмақ», - деді Зеленский.

Зеленскийдің айтуынша, ол ұсынған альянс қару-жарақ, санкциялар, гуманитарлық немесе саяси қолдау, қаржы, сондай-ақ табиғи апаттар, гуманитарлық дағдарыстар немесе эпидемиялар жағдайында көмек көрсете алады.

Сөз соңында Украина президенті мұндай одақ бұрын болған болса, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға болатынын атап өтті.