Bugin

Бағдат Мусин халыққа қызмет көрсету орталығына жасырын сатып алушы ретінде келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елордадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне жасырын сатып алушы ретінде келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Операторлардың жұмысын, кезекті бақылап отырамын. Операторлар бірдеңені талқылап жатыр. Жақын жерде кезек тұрғанда, жігіттер тез арада сертификат алғандарына таң қалды», - деп жазды Мусин Instagram желісінде.

Айта кетейік, министр мұндай экспериментті бірінші рет жасап отырған жоқ. 2021 жылы ол жүргізуші куәлігін алудағы заңбұзушылықтарды анықтау үшін жеке тексеріс жүргізді.