Bugin
Қоғам қайраткері, 1990 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болған Болат Әбілов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы туралы ойын «ALIBEKOV» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Сұхбат барысында жолдауға талдау жасап, өзі президент бола алатына сенімді екенін де атап өтті.
«Бұл - мақсаттардың бірі. Неге болмасқа. Саясатқа барсаң, алдыңа үлкен мақсаттар қою керек. Мен кәдімгі жақсы президент бола алатыныма сенімдімін. Өз бетінше бизнесте, серіктестермен саясатта болдым. Менің де айтатыным бар, істейтін шаруам бар», – деді Әбілов.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.