Әлем

Жапонияда жер сілкінісі болып, 100-ден астам адам зардап шекті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше, 16 наурызда Жапонияның солтүстік-шығысында жергілікті уақыт бойынша сағат 23:36-да жер сілкінісі болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Елдің ұлттық метеорологиялық бюросы жариялаған мәліметте жер сілкінісінің күші 7,3 деп есептелсе, кейін 7,4-ке көтерілген. Жерасты дүмпулері Тынық мұхитының Фукусима префектурасына жақын жерде 57 шақырым тереңдікте болған.

Мәліметге сүйенсек, жер сілкінісінен кем дегенде 126 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапқан. Екі миллионға жуық үй электр жарығынсыз қалған, оның 700 мыңы - Токиода. Қазіргі уақытта электр қуатын беру қалпына келтірілді. Сонымен қатар Ивате, Мияги және Фукусима префектураларында төрт мыңнан астам үй шаруашылығы сусыз қалды.

Айта кетейік, жер сілкінісінен кейін метеорологтар 11 жыл бұрын толқыннан атом электр станциясына зақым келген Мияги және Фукусима провинцияларында цунами қаупі барын хабарлады. Алайда бірнеше сағаттан кейін цунами қаупі толығымен жойылған. «Фукусима-1» АЭС аймағындағы радиациялық фон жоғарылаған жоқ.

Бейсенбі күні таңертең аймақта магнитудасы 2,5-тен жоғары жел сілкінісі болып, ол қатарынан 20 рет қайталанған.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.