Қоғам

Рудныйлық тұрғын көршісін баласымен қоса өртеп жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Рудныйда 44 жастағы ер адам көршісімен араздасып, оған керосин шашып, өртеп жіберген. Бұл кезде әйелдің қолында 4 жасар баласы болған. Бұл оқиға туралы Қостанай облысы ПД басшысы Ерлан Омарбеков парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ашығын айтсам, көп жыл бойы полицияда жұмыс істеп, түрлі жағдайды көрдім. Бірақ бұл оқиға қатты таңғалдырды. Бала денесінің 40 пайыздан астамын күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Достар! Бәріміз көршіміз, туыспыз, таныспыз, әріптеспіз. Түптеп келгенде жерлеспіз. Біз ортақ ортада өмір сүріп жатырмыз және соны ұмытпау керек», - деп жазды Ерлан Омарбеков парақшасында.

Полиция департаменті басшысы бұл істі жеке бақылауына алғанын айтты. Осы факт бойынша полицейлер «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастаған. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дәрігерлер қазір сәбидің өмірі үшін күресіп жатыр. 32 жастағы әйелдің қолын күйік шалған.