Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКеше, 16 наурызда Петропавл әуежайы сатылымға шығарылды. Өтінімдер 15 күн бойы қабылданады. Әуежайдың бастапқы құны - 5,6 миллиард теңге. СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет бұл ақпаратты растап, жергілікті биліктің әуежайды неге сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Республикада 15-тен аса әуежай бар. Олардың жартысына жуығы сенімгерлік жолмен немесе мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы басқарылады. Біздің әуежай министрліктер қарамағында, яғни мемлекеттік меншікте болды (ҚР ИИДМ, ҚР ҚМ). Одан ары кәсіпорын банкротқа ұшырады, әкімдік барлық мүлікті осы кәсіпорыннан сатып алды. Енді әкімдік осы мүліктік кешенді бәсекеге қабілетті ортаға беру үшін әуежайды жекешелендіріп, сенімгерлік басқаруға беруге тырысып жатыр. Яғни, нысан инвесторды қызықтырса, онда даму және инвестициялар бойынша шарттар жасалады, сөйтіп, ол қатыса алады (сауда-саттыққа)», - деді Мақсат Баяхмет.
Айта кетейік, қазір әуежайда 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Техникалық қызметкерлер - 60 мың теңге, басшылық лауазымдардағы мамандар - 150 мың теңге алады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61