Әлем
Ресейде алғаш рет Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратқан үш азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады тергеу комитеті. Бұл туралы Bugin.kz порталы жазады.
Олардың қатарында Instagram желісінде 900 000 жазылушысы бар танымал блогер Вероника Белоцерковская да бар.
Тергеушілердің мәліметінше, Белоцерковская наурыз айында Instagram желісінде Украинадағы «әскери операция» кезінде «Ресей Федерациясы Қарулы Күштерін Украинаның қалалары мен бейбіт тұрғындарын жою үшін пайдаланғаны туралы әдейі жалған ақпарат бар» жазбалар жариялаған.
Белоцерковская қазір елде емес. Сондықтан оны халықаралық көлемде іздеу мәселесі шешіліп жатыр.
Айта кетейік, ФСБ облыстық департаментінің материалдары негізінде Томск облысында тағы екі іс қозғалды.
«Күдіктілер әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің бірінде ресейлік әскерилердің шығыны туралы, сондай-ақ олардың Украина аумағындағы әрекеттері туралы әдейі жалған ақпарат таратқан», - делінген хабарламада.