Bugin
«Ақ Берен» ЖШС Маңғыстау филиалының «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары республикалық орталық штабы» қызметкерлері мемлекет басшысына үндеу жасады. Олар тағы да жалақыларын көтеруді талап етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Лада Ақтау» сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кғетейік, өрт сөндірушілер бұндай өтінішті бір ай бұрын да жасаған болатын. Қазақстанда 2022 жылғы ең төменгі жалақы 60 мың теңге болса, өрт сөндірушілердің бүгінгі жалақысы 65-70 мың теңгені құрайды. Қызметкерлер жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті.
Ал бұдан кейін жұмыс берушілер өрт сөндірушілердің талаптарын түсінетіндіктерін айтып, өрт қауіпсіздігі және авариялық-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз етілген «ҚазТрансОйл» компаниясымен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.